Мектеп – білім мен ғылымның, тәрбие мен тағылымның ордасы. Бүгінде туған жерін түлетуге, білім алған мектебіне тағзым жасап, игі бастамаларды жүзеге асыруға ниетті азаматтардың қатары артып келетіні қуантады. Осындай жомарт демеушілеріміздің бірі - Искаковтар әулеті мектебіміздің дамуына өз үлестерін үздіксіз қосып келеді. Искаков Қабылда Ниязбекұлы мен жұбайы Бояубаева Гульнар Уахитқызы жомарттықтарын тағы бір мәрте дәлелдеп, мектебімізге 500 мың теңге көлеміндегі заманауи музыкалық аппаратураны сыйға тартты. 👏👏👏Бұл - жаңа оқу жылының керемет бастамасы деп білеміз. Искаковтар әулетіне мектебімізге қолдау көрсетуге деген құлшыныстары бен ыстық ықыласы үшін зор алғысымызды білдіреміз!❤️🤝