ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Қараоба жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Караобинская средняя общеобразовательная школа" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Қараоба а.
+7 (718) 414 00 79
karaoba.aktogay@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Қараоба жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Караобинская средняя общеобразовательная школа" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
31
марта
2026

📚2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері:

 

📌9-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында;

📌11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өткізіледі.

 

🚨Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері 9-сынып оқушылары үшін:

1) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;

2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;

3) орыс тілінен эссе түріндегі жазбаша емтихан – 2026 жылғы 8 маусым;

4) қазақ тілі мен әдебиетінен эссе түріндегі жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.

 

🚨11-сынып оқушылары үшін:

1) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;

2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;

3) орыс тілінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 9 маусым;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;

5) қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.

WhatsApp Image 2026 03 31 at 12.33.18

 

WhatsApp Image 2026 03 31 at 12.33.18 1

 

WhatsApp Image 2026 03 31 at 12.33.18 2

 

 

WhatsApp Image 2026 03 31 at 12.33.18 3

 

WhatsApp Image 2026 03 31 at 12.33.19

 

WhatsApp Image 2026 03 31 at 12.33.19 1

 

 

14
октября
2024

WhatsApp Image 2024 10 14 at 11.09.52

1-4-сынып оқушылары арасында “Арайлы алтын күз!” атты мерекелік іс-шара өтті. Бірнеше кезеңнен тұрған алтын күз мерекесіне барлық сыныптар белсене қатысты.”Таныстыру” кезеңінде оқушылар көрермендерге топтың аты мен эмблемасын таныстырды. 🍁🍁🍁
#қараобаортамектебі
#біртұтас_тәрбие_pvl_aktogai

6
сентября
2024

1 қыркүйек - Білім күнінде Қараоба орта мектебінде ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар және қонақтардың қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені” атты салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! 📚Мереке құтты болсын! 🌹

пер

 

пер1

 

пер2

 

пер3

5
сентября
2024

2023-2024 оқу жылының жетістіктері бойынша «Жұлдызды сәт – 2024» атты мектебіміздің үздіктерін ұлықтау рәсіміне қош келдіңіздер!

Ауыл әкімі Байдильдина Шолпан Мүритқызы мектебіміздің 1-4 сыныптар арасындағы оқу озаттарына мақтау қағаздарын табыстады.

 Республикалық онлайн сайыстарда, аудандық шығармашылық байқауларда, спорттық жарыстарда бақтарын сынап, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мектеп оқушыларын марапаттау рәсімі.

WhatsApp Image 2024 09 05 at 11.18.59

WhatsApp Image 2024 09 05 at 11.24.11WhatsApp Image 2024 09 05 at 11.24.13WhatsApp Image 2024 09 05 at 11.24.13 1

5
сентября
2024

25 мамыр күні мектебімізде “Ұядан ұшқан түлектер, болатын бізге тіректер” атты Түлектер кеші кең көлемде аталып өтті. 9:30-да түлектерді тіркеу басталып, арнайы бағдарлама таратылды
Мектеп директоры Н.Н.Искакова құрметті қонақтар мен түлектерді, ардагер ұстаздарды құттықтап, кештің бағдарламасымен таныстырды.
Түлектер арасында алғашқы тілек тізгіні 1974 жылғы түлектерге берілді. Мектеп бітіргендеріне жарты ғасыр уақыт өткен түлектер өз тілектерін білдіріп, мектепке 2 микрофон тарту етті.
Келесі тілектер легі 45 және 40 жылдық түлектерге берілді. Олар барша түлектерді мерекемен құттықтап, мектепке тағзым ретінде ақшалай сыйлық табыстады. Болашақта бұл қаражат мектептің материалдық жағдайын жақсартуға жұмсалатын болады👏👏👏
Түлектер кешінің сәні болған 30 жылдық түлектер мектеп ұжымына алғыстарын айтып, қазақ сыныбы мектепке 10 жұмсақ орындық (пуфиктер) сыйласа, орыс сыныбының түлектері 2 үлкен бөлме гүлін сыйға тартты.
2004 жылдың түлектері өздері тәлім алған білім ордасына арнайы тапсырыспен жасалған сағат және “Айгөлек” шағын орталығына ойыншықтар сатып алуға 100 мың теңгелік сертификат сыйлады
15 жылдық және 10 жылдық түлектер де өз жылы лебіздерін білдірді. 10 жылдық түлектер мектебімізге қызыл кілем сыйлады. Ал 15 жылдық түлектер мектеп ауласына 2 орындық (лавочка) пен 2 қоқыс жәшігіне тапсырыс бергендерін жеткізді.👏👏👏

 

дин1

дин2

 

дин3

 

дин 4

 

дин5

 

 

5
сентября
2024

”Бал бала" лагерінің ашылуы
"Бал бала" лагері мектеп директорының балаларға деген ыстық ықыласымен басталып, қызықты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
 Мектебіміздің тұрақты демеушісі Аукенова Жеңіс қажы мектебіміздің бүлдіршіндеріне ақ көңілден тілегін білдіре отырып, 1 мамыр - балалар күні қарсаңында 50 мың теңгеге тәтті сыйлықтарын табыстап, балаларымызды қуанышқа бөледі. 👏👏👏👏🔥🔥🔥🔥🔥
Жеңіс қажыға мектеп әкімшілігі, ата-аналар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.🌹🌹🌹
 емеушілерміздің тәтті сыйлықтары табысталып, балаларымыз қуанышқа бөленді.
Демеушілік жасаған жомарт жандарымызға тағы да алғыс білдіреміз. 🔥🔥🔥🔥👏👏👏
«Бал-бала» лагерінің ашылуында бүлдіршін балаларымыз жақсы көңіл-күй сыйлап концерттік бағдарлама ұсынды

сад

 

сад1

 

сад3

 

сад4

5
сентября
2024

Мектеп – білім мен ғылымның, тәрбие мен тағылымның ордасы. Бүгінде туған жерін түлетуге, білім алған мектебіне тағзым жасап, игі бастамаларды жүзеге асыруға ниетті азаматтардың қатары артып келетіні қуантады. Осындай жомарт демеушілеріміздің бірі - Искаковтар әулеті мектебіміздің дамуына өз үлестерін үздіксіз қосып келеді. Искаков Қабылда Ниязбекұлы мен жұбайы Бояубаева Гульнар Уахитқызы жомарттықтарын тағы бір мәрте дәлелдеп, мектебімізге 500 мың теңге көлеміндегі заманауи музыкалық аппаратураны сыйға тартты. 👏👏👏Бұл - жаңа оқу жылының керемет бастамасы деп білеміз. Искаковтар әулетіне мектебімізге қолдау көрсетуге деген құлшыныстары бен ыстық ықыласы үшін зор алғысымызды білдіреміз!❤️🤝

 

дем

 

дем2

© 2026. Все права защищены.