📚2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері:
📌9-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында;
📌11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өткізіледі.
🚨Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері 9-сынып оқушылары үшін:
1) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
3) орыс тілінен эссе түріндегі жазбаша емтихан – 2026 жылғы 8 маусым;
4) қазақ тілі мен әдебиетінен эссе түріндегі жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
🚨11-сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
3) орыс тілінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;
5) қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.












