ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Қараоба жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Караобинская средняя общеобразовательная школа" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Қараоба а.
+7 (718) 414 00 79
karaoba.aktogay@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Қараоба жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Караобинская средняя общеобразовательная школа" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
14
Қазан
2024

WhatsApp Image 2024 10 14 at 11.09.52

1-4-сынып оқушылары арасында “Арайлы алтын күз!” атты мерекелік іс-шара өтті. Бірнеше кезеңнен тұрған алтын күз мерекесіне барлық сыныптар белсене қатысты.”Таныстыру” кезеңінде оқушылар көрермендерге топтың аты мен эмблемасын таныстырды. 🍁🍁🍁
#қараобаортамектебі
#біртұтас_тәрбие_pvl_aktogai

 

6
Қыркүйек
2024

1 қыркүйек - Білім күнінде Қараоба орта мектебінде ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар және қонақтардың қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені” атты салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! 📚Мереке құтты болсын! 🌹

пер

 

пер1

 

пер2

 

пер3

5
Қыркүйек
2024

Павлодар қаласындағы Достық үйінде “Білім бәйгесінің жүйріктері” атты халықаралық және республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне облыс әкімі А.Қ.Байханов қатысты
Марапаттау рәсіміне мектебіміздің мақтанышы, 2024 жылғы республикалық Ауыл олимпиадасының жүлдегері, 10-сынып оқушысы Жұмажан Назерке қатысты👏👏👏
Облыстық олимпиада құрама командасының атынан облыс әкіміне алғыс сөз айту және Алғыс хат табыстау құрметі Жұмажан Назеркеге берілді. Бұл - мектебіміз үшін де, ауданымыз үшін де үлкен мәртебе 👏👏

 

наз

 

наз 1

 

наз 3

 

наз4

5
Қыркүйек
2024

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы мерекелік іс-шара барысында өңіріміздегі білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталды. “Облыстың білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін” облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерболат Нұқ марапатталды. Білім саласындағы көп жылғы еңбегі үшін технология пәні мұғалімі М.Д.Каиргельдинов аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды. Ал мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Кисинаға жоғары кәсібилігі үшін “АMANAT” партиясы Ақтоғай аудандық филиалының Алғыс хаты табысталды. Марапатталған әріптестерімізді құттықтаймыз!🌹🌹🌹 👏👏👏
Тамыз кеңесінің пленарлық бөлімінде мектеп директоры Н.Н.Искакова “Дарынды оқушылармен жұмыс - заманауи білім берудегі маңызды фактор” тақырыбында баяндама жасады. Мектеп басшысы өз баяндамасында Қараоба орта мектебіндегі дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі, оның бағыттары мен нәтижесіне тоқталып өтті.
Қараоба орта мектебінің ұжымы “Дарынды балаларды дамытудағы жоғары көрсеткіштері үшін” білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар мектебімізге алдағы уақытта тач-панель табысталатын болады. Әріптестерімізді қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз!👏

авг

 

авг1

 

авг2

авг4

авг5

5
Қыркүйек
2024

Мектеп – білім мен ғылымның, тәрбие мен тағылымның ордасы. Бүгінде туған жерін түлетуге, білім алған мектебіне тағзым жасап, игі бастамаларды жүзеге асыруға ниетті азаматтардың қатары артып келетіні қуантады. Осындай жомарт демеушілеріміздің бірі - Искаковтар әулеті мектебіміздің дамуына өз үлестерін үздіксіз қосып келеді. Искаков Қабылда Ниязбекұлы мен жұбайы Бояубаева Гульнар Уахитқызы жомарттықтарын тағы бір мәрте дәлелдеп, мектебімізге 500 мың теңге көлеміндегі заманауи музыкалық аппаратураны сыйға тартты. 👏👏👏Бұл - жаңа оқу жылының керемет бастамасы деп білеміз. Искаковтар әулетіне мектебімізге қолдау көрсетуге деген құлшыныстары бен ыстық ықыласы үшін зор алғысымызды білдіреміз!❤️🤝

 

дем

 

дем2

5
Қыркүйек
2024

”Бал бала" лагерінің ашылуы
"Бал бала" лагері мектеп директорының балаларға деген ыстық ықыласымен басталып, қызықты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
 Мектебіміздің тұрақты демеушісі Аукенова Жеңіс қажы мектебіміздің бүлдіршіндеріне ақ көңілден тілегін білдіре отырып, 1 мамыр - балалар күні қарсаңында 50 мың теңгеге тәтті сыйлықтарын табыстап, балаларымызды қуанышқа бөледі. 👏👏👏👏🔥🔥🔥🔥🔥
Жеңіс қажыға мектеп әкімшілігі, ата-аналар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.🌹🌹🌹
 емеушілерміздің тәтті сыйлықтары табысталып, балаларымыз қуанышқа бөленді.
Демеушілік жасаған жомарт жандарымызға тағы да алғыс білдіреміз. 🔥🔥🔥🔥👏👏👏
«Бал-бала» лагерінің ашылуында бүлдіршін балаларымыз жақсы көңіл-күй сыйлап концерттік бағдарлама ұсынды

сад

 

сад1

 

сад3

 

сад4

© 2025. Все права защищены.